Биылғы жаз тарихтағы ең ыстық болуы мүмкін: ғалымдардың болжамы

Фото: Pixabay
Жақында «Қазгидромет» маусым айындағы ауа-райының алдын ала болжамын ұсынды, сондай-ақ биылғы жазғы температураға қатысты болжамдарымен бөлісті. Оған сәйкес, 2024 жылдың жазы ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Маусым айының өзінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа асады, деп жазады zakon.kz.

Көршілес елдердің синоптиктері де жаз маусымында күннің ысуын болжауда. Мәселен, ресейлік мамандардың мәліметтері бойынша, маусым мен тамыз айлары аралығында Ресей жазығының аумағында ауаның орташа температурасы +25 +27 градус шамасында болады, ал нормасы +22. Орташа максималды температура +35 градустан жоғары болуы мүмкін.

Сондай-ақ синоптиктер жаз мезгіліндегі ауа массаларының қозғалысы ауқымды жылу циклондарының пайда болуына ықпал ететінін, бұл жоғары ылғалдылықты тудырып, қатты нөсер, найзағай мен дауылдың ықтималдығын бірнеше есе арттыратынын ескертеді.

Мамандар бұл жағдайды осы жаздың жалпы рекордтық жоғары температуралық фонымен түсіндіреді. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бұл екі факторға байланысты. Бірінші кезекте – климаттың өзгеруі.

Қазба отындарын жағу атмосферадағы парниктік газдардың мөлшерін арттырады, бұл орташа жаһандық температураның көтерілуіне әкеледі. Ғалымдар тағы бір себеп ретінде Эль-Ниньоны келтіреді.

Эль-Ниньо немесе Оңтүстік осцилляция – бұл Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су температурасының өзгеруімен сипатталатын және бүкіл планетада ауа-райының ауыр ауытқуларын тудыратын климатқа әсер етуі мүмкін табиғи құбылыс.