Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Ол былтырғы мәселелер ескерілді деп отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Премьер-министрдің айтуынша, зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектардан 2 млн гектарға азайған. Сонымен қатар көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. Өткен жылы осы мақсатқа 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге.
«7 млрд теңге қаражат дайын. Резервтегі де ақшаны көздедік. Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Өткен жылғыдай жағдай қайталанбайды», — деді Серік Жұманғарин.