Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл грант иеленбеген талапкерлерге қосымша мүмкіндіктер туындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Министрлік ақпарат алу үшін Call-орталығына хабарласуға мәлімдеді.
Call-орталығының байланыс нөмірлері:
8(7172) 69-50-69;
8(7172) 69-52-92;
8(7172) 69-50-71.
«2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді. Call-орталығы арқылы сіз қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала аласыз», – делінген хабарламада.
Call-орталығының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00 аралығы.
Фото: Pixabay