Биткоин бағасы рекордтық межеден асты

Сейсенбіде биткоин бағасы сауда деректеріне сәйкес 93 500 доллардан жоғары жаңа рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Көлемі бойынша ең ірі криптовалюта биржасы Binance-те биткоин бағасы бір тәулікте 2,82%-ға өсіп, $93 699-ға жеткен, бұл жаңа рекорд болды.

20-дан астам биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметі бойынша, биткоин бағасы 2,84%-ға өсті — орташа есеппен $93 739.

Бұған дейін Financial Times басылымы Дональд Трамптың Trump Media & Technology Group корпорациясы Bakkt криптовалюта платформасын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, жаңалық биткоин құнының өсуін қолдайды.

— Криптовалюта қайта әркетке көшті. Trump Media-ның Bakkt-ті сатып алуы тағы бір жағымды жаңалық болды, — дейді Pepperstone зерттеу бөлімінің директоры Крис Уэстон.