Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров 7 тамызда өткен брифингте Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетіп беремін деп алдаусыратып, пара алған елорда тұрғынына қатысты істі тергеу аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол сотталған Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша Антикор сотқа дейінгі тергеу жүргізгенін еске салды.
«Ол Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен аса ірі көлемде алаяқтыққа оқталуға, яғни алдау арқылы 100 млн теңгені иемденуге күдікті ретінде танылды. Сонымен қатар, күдіктінің іс – әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу ретінде сараланады», — деп толықтырды Данияр Бигайдаров.
Оның айтуынша, оның қылмыстық әрекеттердің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр.
«Оған қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталды. Қылмыстық іспен танысу жалғасуда», — деп қорытындылады спикер.
Фото: Telegram/Jogargy_sot