Бишімбаевтың соты Қазақстан имиджіне әсер етті ме?

Фото: Жоғарғы сот

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджіне қаншалықты әсер етті. Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Смадияров Бишімбаевқа қатысты сот процесі аясында Еуропа мен Америкадағы бірқатар шерулерге қатысты түсініктеме берді.

«Оны елімізде болып жатқан процестерден хабардар қарапайым азаматтар ұйымдастыруы әбден мүмкін, Мемлекет басшысы заңға бүгін қол қойды. Қазақстанның имиджіне ешқандай нұқсан келген жоқ деп ойлаймын. Расында көптеген аймақтық серіктестермен салыстырғанда біз әлдеқайда алдамыз. Бұл – халқымыздың шетелдегі азаматтық ұстанымының қалыпты көрінісі. Жастардың бұған белсенді қатысып, өз ұстанымдарын көрсетіп жатқанына қуаныштымын», – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.