Бишімбаевтың аппеляциялық соты тікелей эфирде өтеді

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді, – деп хабарлайды Qazaq.today. 

Атышулы іске қатысты аппеляциялық сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады, – делінген хабарламада.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.