Фото: видеодан кадр
Астанада өтіп жатқан сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары судья Айжан Құлбаеваға сенімсіздік білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты судья Айжан Көлбаеваға наразылық білдірді.
Сот барысында судья Айжан Көлбаева Бишімбаевтың адвокатына алқа билерді шатастырып жатырсыз деп ескерту жасаған.
Судья Бишімбаев тарапының кезекті өтінішін іс материалдарына тіркеу жөнінде өтініш білдірген. Алайда судья оны қосуды бас тартты. Осыған байланысты сотталушының адвокаты судьядан бас тарту туралы өтініш жасауға шешім қабылдаған.
Судья алқабилерге сот залынан шығуды сұрады. Бұдан кейін трансляция тоқтатылды.