Бишімбаев сотта фашистік Германияда пропаганда министрі болған Геббельстің сөзін келтірді

Фото: Видеодан алынған кадр

Ол алқа билерге жүгініп, олардың сотқа қатысуын өзі сұрағанын, Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін айтады. Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрайды. Өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, кінәламауды өтінеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агентігі.

«Менің ата-анам мен туыстарым еш кінәлі емес, бұл менің кінәм және тек менің жауапкершілігім. Егер сіздер Жаратушыға, Құдайға сенсеңіз, ал мен сенемін, ол бізді сынайды. Сол күні 8 қарашада мен бұл сынақтан өте алмадым», – деді Бишімбаев. 

Бишімбаев тергеу әлеуметтік желілердің қысымына бой алдырып, айыптау бағытында жүрді деп мәлімдеді. Тағы да ол өлімнің себебі «мидағы жарылған тамырдан» гематома болды деп мәлімдеді.. Оның іс-әрекетінде ерекше қатыгездік болмағанының дәлелі ретінде Бишімбаев Салтанаттың денесінде пышақ жарақаты болмағанын айтады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германияның насихат министрі болған Геббельстің әйгілі сөзін Бишімбаев бүгінгі соттағы соңғы сөзінде айтты.

«Айтқым келмеген айтайын: нацистік Германияда пропаганда министрі деген болған. Соның «біздің өтірік сұмдық болған сайын оған халықтың сенуі оңай» деген сөзі бар. Менің де ісімде солай: өтірік сұмдық болған сайын адамдардың соған сенуі оңай», – дейді ол.

Бір айдан астам уақытқа созылған Бишімбаев пен Байжановтың үкімдері 10 мамыр күні шығады