Сот үкімі оқылғаннан кейін марқұм Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді мен адвокаты Жанна Оразбақова журналистердің сұрақтарына жауап берді. Үкімге көңіліңіз тола ма? — деп сұрады журналистер олардан.
– Үкім орындалса, 68 жасында шығады екен. Біздің күткен үкім де сол еді, – деді Айтбек Амангелді.
Ал адвокат Жанна Оразбақова Қуандық Бишімбаев үкім оқылғаннан кейін көзінен қорқыныш көргенін айтады.
– Менің оның көзінен үрей көрдім. Өзі үшін үрей. Күбірлеп кетіп бара жатты. Дұғасын оқып бара жатты ғой деймін, – деді ол.