Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы судьяның қарауына жіберілді

Фото: Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі 11 маусымда апелляциялық сотқа түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

«Ұлттық эконономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сатыдағы сотқа түсті», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, Салтанат Нүкенова 2023 жылдың қарашасында айуандықпен өлтірілген болатын. Сот оның күйеуі Қуандық Бишімбаевты кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар Бақытжан Байжановты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы (қылмысты жасыру) бойынша кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған болатын.