Бишімбаев әйелінен Райымбек Баталовпен төсектес болғаны туралы қайта-қайта сұраған

Фото: Жоғарғы сот

Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың телефоны тексеріліп жатыр. Судья айыпталушының телефонынан оқиға күні түсірілген бірнеше видеоның дауысын қосып сот қатысушыларына тыңдатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 9 қарашада түсірілген видеоны судья «Нүкенова жалаңаш, үстінде тек қара күрте бар, еденда еңбектеп, диванның қасынан бірдеңе іздеп жүр» деп сипаттады.

Онда Бишімбаев Нүкенованы қатты балағаттаған. Райымбек Баталовпен қатынасын анайы түрде қайта-қайта сұраған және мойындауын талап еткен.

Бишімбаев «мұның бәрі монтаж, менің телефонымды бұзып, біреу енгізіп қойған. Бұл видео 9 қарашада түсірілуі мүмкін емес» дейді. Сот 10 минуттық үзіліске кетті.