Бишімбаев ісі: тараптар алқабилерге сұрақтар дайындады

Фото: Жоғарғы сот
10 мамырда экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы, Гастроцентр директоры Бақытжан Байжановқа қатысты сұрақтар қазылар алқасына қашан жарияланатынын Астана қылмыстық істер сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысында тараптар алқабилердің қатысуымен сот шешімін табатын мәселелерді талқылап, тұжырымдады.

«Тараптардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, төрағалық етуші алқабилердің соңғы сұрақтар тізімін жасау үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Алқабилердің қатысуымен сауалнаманың жариялануы 13 мамыр күні сағат 9:30-да болады», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Алқабилердің барлығы сот отырысына қатысушылар өздеріне қатысты мәселелерді талқылайтындықтан, сот залынан шығарылғаны бұрын хабарланған болатын.