Коллаж: El.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында Бишімбаев бұрынғы әйелі Назым Қаһарман көлігін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі EL.kz — ке сілтеп.
Бишімбаев сот отырысында Салтанат екеуі некеде болғанда Назым Қаһарманға жүріп-тұруға көлік бергенін айтты.
«Біз ажырасқан кезде Байжановқа көлікті Алматыдан алып келуді тапсырдым. Алайда, көлік ұрланып кетті. Оны ұрлап кеткен – менің бұрынғы әйелім. Сен (Байжанов-авт.) менің әйеліммен келісіп алып, маған күйе жағып, түрмеге отырғызып, кейін мүлкімді бөліп алуды жоспарладың ба?», — деді Бишімбаев.
Еске салайық, бұған дейін алқа билердің бір мүшесі ауысқанын хабарлаған едік.