Танымал әнші Айгүл Иманбаева күйеуінің ерекше қасиетін бөлісіп, қыз-келіншектерге үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі күйеуінің өзіне деген қамқорлығын айтып, әйел бақытын сезінгенін жасырмады.
“Осы жасыма келгенде ғана өзімнің затым әйел екенін, нәзік жанды екенімді сезіндім. Күйеуім екеуміздің бір оқиғамызды айтып берейін. Бірде Лос-Анджелесте үйден шығып, тамақ алайық деп дүкенге бардық. Ол жерден көп азық-түлік алып, көліктің артына тиеп үйге келеміз. Сосын артындағы барлық затты қолыма алып, үйге кірейін деп жатсам күйеуім «Неге мына ауыр заттың барлығын көтеріп жүрсің? Бұл сенің жұмысың ба? Бұл менің жұмысым. Сенің жұмысың – маған энергия беру, маған еркелеу, күн сияқты жарқырап, жайнап, қасымда нәзік күйіңде жүру» деп айтқаны бар. Сол кезде бірінші рет өзім де ойланып қалдым. Нәзік жанды әйел екенімді ұқтым. Өмірімде бірінше рет күйеуімнің иығына басымды қойып, ерекелей алдым. Қыздар, күйеулеріңізге еркелей беріңіздер. Еркелесе ғана Есілдің мұзын ерітуге болады», – деді әнші.