«Бірінші раундта құлатамын»: Әлімханұлы қарсыласы туралы батыл мәлімдеме жасады

Фото: Twitter / @Qazaqstyle

Қазақстандық боксшы, WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ұлыбританиялық кіші Крис Юбэнкке (33-3, 24 КО) қарсы өтуі мүмкін жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттіг Sports.kz — ке сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Юбэнк Калленің промоутері Зауэрланд Крис пен Жәнібектің, сондай-ақ бұрынғы әлем чемпионы Келл Бруктың арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы келіссөздер жүріп жатқанын айтты.

«Юбэнк деген кім? Боксшы ма? Чемпион ба? Мен оны бірінші раундта құлатамын, нокаутқа түсіремін», — деп жазды қазақстандық боксшы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.