Елімізде бір тәулікте 70-ке жуық өрт болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан ТЖМ күштері 153 жедел шығу жасады. Оның 69-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 84-і іздестіру, апаттық-құтқару және басқа да жұмыстарға шыққан. Бұл ретте 158 адам құтқарылып, эвакуацияланды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дабылды ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.