Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Будапештте өткен әлем чемпионатынан кейін жаңартылған Халықаралық дзюдо федерациясының рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы бірден екі сатыға көтеріліп, қазіргі таңда әлемдік рейтингтің екінші орнына жайғасты. Оның еншісінде — 5662 рейтингтік ұпай бар. Бұл салмақта көш бастап тұрған — Италия өкілі Ассунта Скутто (5958 ұпай), ал үшінші орында — француз спортшысы Ширин Букли (5170 ұпай).