BI Group модульдік аурухана салу кезінде ақша жымқырған ба?

BI Group холдингіне қатысты Алматы мен Шымкентте модульдік инфекциялық ауруханаларды салу кезінде бюджет қаржысын ұрлау туралы сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл жайлы премьер-министр Әлихан Смайылов мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат агенттігі.

Пандемия кезінде уақытылы медициналық көмек көрсету үшін республикалық бюджет есебінен және жергілікті бюджет пен демеушілердің қаржыландыруымен 3 934 орынға арналған 16 модульдік инфекциялық аурухана салынған. Бүгін бұлардың барлығы штатты режимде жұмыс істеп, тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.

2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтары аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент пен Алматы қалалаларында «BI-Industrial» ЖШС-не қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеген. Сонымен қатар Шымкент құрылыс басқармасы мен Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшыларына қатысты инфекциялық аурухана құрылысы кезінде бюджет қаржысын жымқырды деген күдіккке ілінген. Тергеудің басталуына аудиторлық есеп себеп болды. Есепке сәйкес құрылыс нысандарының бағасы бастапқы бағадан 3,9 миллиард теңгеге қымбат болған.

«Екі жағдайда да қылмыс құрамы болмағандықтан тергеу шаралары тоқтатылды. Шешім прокуратура органдарымен де мақұлданды. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде инфекциялық ауруханаларды салу кезінде ақша жымқыруға қатысты іс жоқ», – деді премьер-министр.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here