«Бетімнен сүйіп, әр жерімді сипалады»: Алматыда мүгедек әйел күтушісін сотқа берді

Алматы, Қазақстан (19 қараша 2024) — Алматыда 54 жастағы бірінші топтағы мүгедек әйел Гүлжан Әбдрайымова өзіне дөрекілік көрсетіп, қол жүгірткен күтушісінің үстінен арыз жазды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әбдрайымова жүре алмайтындықтан интернет арқылы күтуші жалдаған. Алайда, жалданған ер адам оған күтім жасаудың орнына, дөрекілік көрсетіп, қол жүгірткен. Тіпті, оны құлатып, денсаулығына зақым келтірген.

«Қайта-қайта құшақтап, бетімнен сүйіп, ернімнен сүйгісі келіп, басымды тартсам да, ұстап алып басымды сүйіп, әр жерімнен сипалады», — дейді Әбдрайымова.

Күтуші қызметі үшін күніне 12 мың теңге алып отырған ер адам басында ерсі қылықтарын жасырған. Алайда, кейін жақындары жоқ екенін біліп, әйелге тиісіп, басынуды бастаған. Алғашында отыра алатын әйелді күтушісі құлатып алғаннан кейін, беліне зақым келіп, сүйегі сынып, қазір төсек тартып жатыр.

Күтушіні тауып берген агенттік өкілі ер адамды танымайтынын, оны интернет арқылы тауып бергенін айтады.

Жәбірленушінің арызынан кейін полиция тергеу жұмыстарын бастады.