Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Айтыскерге туған күні қарсаңында өзі еңбек етіп жүрген SAAD компаниясы су жаңа көлік сыйлаған. Қуанышын жасыра алмаған коуч осындай темір тұлпарды 500 адамға мінгізетінін жазды.
«Барлық көрген жақсылығыма шүкір еттім. Осындай көлікті 500 адамға мінгіземіз ин ша Алла! @saad_company_kz арқылы қазақ халқына адал қызмет етуді нәсіп етсін Аллам. 50 мың адамға жұмыс беріп, 5000 мың қазақты миллионер қылғанша жүгіремін енді… Мен үшін ең үлкен сыйлық — ДҰҒА! Кіші сіңлім @alika_gauhar көп адам біле бермейді. Инстада көп көрінбейді, жұрттың алдына шыққысы келмейтін алтыным…
Ризамын тағдырыма… алғыстан басқа айтарым жоқ…», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары Тұрсынбаеваны келіп жеткен туған күнімен жарыса құттықтап, қуанышына ортақтасты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram