Белград турнирінде Санжар Тәшкенбай бастаған 4 боксшы чемпион атанды

[ad_1]

Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, қазақстандықтар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие шықты.

Финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының ішінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг) және Диас Молжігітов қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды. Ал Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг), Олжас Боқаев (+92 кг) күмісті қанағат тұтты.

Аталмыш жарыста Қазақстан намысын 12 боксшы қорғады.