Белгілі журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Қаралы хабарды «Qazaqstan» телеарнасы жеткізді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Еске сала кетейік, Диас Ахметшәріп Ақтауда іссапармен жүргенде инсульт алып, комаға түскен болатын. Дәрігерлер жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.

«Науқастың миына қан құйылған, жағдайы өте ауыр, қазір реанимация бөлімінде жатыр», — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Қалың көпшілікке спорт комментаторы ретінде танымал. Ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды. Ол «Qazsport» телеарнасының тұңғыш директоры болды. Соңғы жылдары әртүрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшы лауазымын атқарған.