Белгілі әнші, актер Марат Оразметов қайтыс болды. Бұл туралы танымал өнер адамдары хабарлады.
«Марат құрдасым, үзеңгілес бауырым. Алла рахымына алсын. Төбемнен жай түскендей болып отырмын. Жаның жәннатта болсын», — деп жазды Алтынай Жорабаева.
«Бақұл бол, досым. Қазақ елі дарынды ұлы Оразмет Марат Өмірханұлынан айырылды. Отбасына қайғыра көңіл айтамыз», — деп жазды актриса Жұлдызай Дүйсенбиева.
Марат Оразметов – «ҚР Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, актер және әнші.