«Елде болсаң төрде отырар едің»: дастархан басында отырған Бекболат Тілеухан тағыда елге жақпай қалды

Дін жолына толықтай берілген Бекболат Тілеуханның әрекеті отандастарына тағыда  жақпай қалды. Оның Ыстамбұл қаласында бір топ азаматпен тамақтанып отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Видеоны жариялаған адам аладғы уақытта Меккеге баруға қамданып жатқандарын жазған.

«О, Машалла, Меккеде жейтін тамақ. Меккеге барудың бір қадамы деп тілейік, иншолла. Рахмет. », — дейді видеоның авторы.

Ал дастарханның басында отырған Бекболат Тілеухан түрік тілінде кішкентай табақ әкеліп бересің бе деп сұраған. Әлеуметтік желіге жарияланған видео көптеген қазақстандықтарға жақпай қалды.

«Кімнің балконында отырсың, Бекболат? Елде болсаң, бөлменің төрінде отырар едің. Ойбай, мынаған не болған. Бекболат аға, бұрын сізге қарап, қазақ болғаныма қуанатын едім. Дастарханның мәнісі болмай тұр, Қазақстанда шалқып, қазы-қарта жеп жүр едіңдер, қайран қазағым. Бекболат депутат болғандар тәуір еді», — деп жазған видеоға байланысты пікір қалдырғандар. 

 

Ақпарат көзі:  Azattyq-ruhy