Сот алқасы әскери қызметші Бекбол Мирашты «өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді» деп айыпталған шекара заставасының сержанты Айбек Нұртаевқа қатысты үкімді қайта қарады. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Айбек Нұртаевқа қатысты алғашқы үкімнің күшін жойды.
«Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімімен сержант Нұртаев ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағындағы және 451-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған», — делінген сот хабарламасында.
Нұртаевтың өз-өзіне қол жұмсауы туралы іс расталғаны атап өтілді.
«2022 жылдың тамызында ол (сотталушы Н.,) әскери қызметшілер Қарулы Күштердің Жарғысын бұзып, нарядтағы бекеттерді өз еріктерімен ауыстырғанын анықтаған. Осы себепті пайдалана отырып, сотталушы Нұртаев қатардағы жауынгерден ақша қаражатын бопсалап, өзінің банктік шотына аударуын талап еткен.
Сондай-ақ, Нұртаев шекара заставасының аумағында спирттік ішімдіктер ішкен үш әскери қызметшіні анықтап, өзінің қызметтік өкілеттіліктерін асыра пайдаланып, оларға дене жарақаттарын келтірген.Кейін сотталушы жоғарыда аталған жағдайды пайдаланып, жүйелі және негізсіз түрде, әскери қызметші Бекбол Мираштың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау арқылы оны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді», — деп хабарлады сотта. Ұсынылған дәлелдер айыпталушының кінәсін дәлелдейді. Сот алқасы Нұртаевты жеті жылға бас бостандығынан айырды.
Дереккөз: ulysmedia.kz