Қазақстандық танымал боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының порталында боксшыға іздеу жарияланғаны туралы хабарлама пайда болды. Онда 39 жастағы боксшыны Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі екі күннен бері іздеп жатқаны хабарланған.
Бейбіт Шүменовке бұзақылық жасады деген айып тағылды.
Еске салайық, қазақстандық боксшы елордалық сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар адамды ұрып-соқты деп айыпталған болатын. ІІМ бұзақылық жасаған адамның танымал спортшы Бейбіт Шүменов екенін растады. Кейін боксшы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ал бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да жанжалдан кейін баланың қауіпсіздігіне қатер төндірген азаматтың жауапқа тартылуын талап етті.
Кейін ІІМ боксшыны қандай жаза күтіп тұрғанын айтты. Бұл жанжалға Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі де үн қосты.
Qazaq.today