Beeline брендімен жұмыс істейтін ресейлік VimpelCom компаниясы Қазақстандағы бизнесін нидерландалық VEON компаниясына 54 миллиард рубльге (302 миллиард теңгеден астам) сатты. Бұл туралы ресейлік БАҚ оператордың мәлімдемесіне сілтеме жасап жазды, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
2022 жылғы 6 желтоқсанда VimpelCom еншілес ұйымы Veon Eurasia S.a.r.l. ресейлік оператор VIP Kazakhstan Holding AG еншілес ұйымы акцияларының 75 пайызын VEON Holdings B.V.-ге берді. (Veon Ltd еншілес ұйымы). Бұл ретте қаражат бас компанияның оператор алдындағы несиелері бойынша қарызды өтеу ретінде есепке алынды.
«Тікелей VEON Holdings B.V.-де бағыныштылық құрылымын ресімдеу бизнеске холдингпен өзара әрекеттесуде жылдамырақ және икемді болуға мүмкіндік береді»», — деді Настрадин.
Qazaq.today