Баян мен Тұрсын Алагөзовтер 2 қызының суретін алғаш рет көрсетті (ФОТО)

Баян мен Тұрсын Алагөзовтер қыздарын көпшілікке алғаш рет көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Балаларды қорғау күнінде сіздерді кенже қыздарымыз Алиса және Алмамен таныстырғымыз келеді», – деп жазды Баян Мақсатқызы өзінің Instagram парақшасында.

Баян Мақсатқызының жазуынша, қызы Алма әкесіне, ал Алиса өзіне көбірек ұқсағанын да жасырған жоқ. Ол жолдасы Тұрсын Алагөзов пен өзінің балалық шағындағы суреттерін салыстырып салып қойған.