Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2025 жылы кәмелетке толмаған екі қыз жүкті болып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Осының ішінде жетеуі Орал қаласының үлесіне тиеді.
Жүкті болғандардың ең кішісі 2023 жылдан бастап 15 жаста.
Биылдың өзінде екі жасөспірімнің аяғы ауыр екендігі анықталды.
– Жасөспірімдер жүкті болған жағдайда эклампсия, туғаннан кейінгі эндометрит және жүйелі инфекциялар сынды асқынулар туындауы мүмкін. Олардың шақалақтары көбіне салмағы аз болып, шала туылады және ауыр дерттерге ұшырауы ықтимал. Ерте жүктілік анасы үшін де, сәбиі үшін де қауіпті. Бұл көбінесе түсік жасатумен аяқталады. Ал, әсіресе, бірінші рет түсік жасату бедеулікке дейінгі асқынуларға соқтыруы мүмкін, – деп хабарлады ведомстводан.