«Бастықтар үндемеуді бұйырған»: Қонаев қаласында екі полицей оқушы қызбен төсектес болған

Қонаев қаласында полиция қызметкерлері мектеп оқушысымен төсектес болған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен полицейлер, арсыз әрекеттерін видеоға да түсіріп алған. Жаға ұстатар жайтты НеМолчи ұйымының жетекшісі Дина Тәңсәрі хабарлады. Оның сөзінше, облыстық ПД басшылары бұл жағдайды біледі және екі полицияны артқы уақытпен жұмыстан шығарып жіберген.

«Шұғыл! Бізге анонимді дереккөз хабарлағандай, Қонаев қаласында екі полиция қызметкері өздерінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 14 жастағы оқушымен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсірген (қазір бейнені қызметкерлердің өздері таратып жатыр). Біз олардың бірі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, екіншісі ғимаратты күзету жөніндегі полицияның қызметкері», — деді Дина Таңсәрі.

Алматы облысында болған кезекті сұмдық жайтты бүгінде полиция департаментіндегілердің бәрі біледі. Екі полиция қызметкері де қамауға алынған деп жазды НеМолчи ұйымының жетекшісі.

«Қазір екеуі де қамауға алынып, өткен уақытпен кері жұмыстан шығарылғанын білеміз. Бүкіл ПД біледі, бірақ бастықтар үндемеуді бұйырды! Бұл ақпарат қаншалықты сенімді, Рустам Әбдірахманов? ҚР Бас прокуратурасының ақпаратын жеке бақылауға алуды және тексеруді сұраймыз, Егер ақпарат расталса, қызға қолдау көрсетуді, психологиялық және өзге де көмекті қамтамасыз етуді, қылмыстық істі бақылауға алуды сұраймыз. Біз бұл жағдай туралы білгендіктен, біз бұл туралы үндемей қала алмаймыз, өйткені қылмысты жасырғанымыз үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар», — деді ол.

Дина Таңсәрі зорлық көрген қызға психологиялық көмек көрсетуге дайын екендіктерін хабарлады.