«Басты тапсырма Киевті басып алу»: Рамзан Қадыров Украинадағы соғыста жүр

Желіде Қадыровтың Киевтегі әскери іс-қимыл аймағында жүрген видеосы тарады.»Грозный» телеарнасы Telegram-арнасында және RT телеарнасы 13 наурызда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Украинадағы соғыс аймағында жүргені туралы видео жариялады, – деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық порталы. Видеода әскерилер Шешенстан басшысына өздерінің бір ауылға басып кіргені туралы баяндап, шабуылдың мән-жайын айтқан.

«Сіз бізге көрсеткен стратегия 100 пайыз жұмыс істеді. Бұл ауылға барлау жасамай, бірден басып кірдік. Балалар үйі бос, кешігіп қалыппыз. Балаларды Киевке алып кеткен», – дейді командирлердің бірі.

Сонымен қатар, видеода Қадыров: «Біздің мақсатымыз – Киевті басып алу» деп айтқаны да көрсетілген.  Украиналық БАҚ-тар барлау қызметтеріне сілтеме жасап, видео Украинада түсірілгенін жазды.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here