Башар Асад пен оның отбасы мүшелері Мәскеуді паналамақшы

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад отбасымен Мәскеуге қашып келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

– Асад отбасымен Мәскеуге келді. Ресей оларға баспана берді, — деп жазды ТАСС агенттігіне Кремльдегі дереккөз.

Айта кетейік, Сирияның қарулы оппозициясы ел астанасы Дамаскіні жаулап алғанын, ал президент Башар Асад елден қашқанын мәлімдеді.

82