Алматының жаңа бас жоспарында әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымға қатысты қаланың теңгерімді дамуы ескерілген. Бұл туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.
Бас жоспарда 2040 жылға қарай халық санының 3 млн.адамға дейінгі болжамын және экономиканың орташа жылдық 5% — ға өсуін ескере отырып, 5 полиорталықтар құрылымын біркелкі қалыптастыру көзделген.
«Білім беру және денсаулық сақтау нысандарына қадамдық қолжетімділік жасалады. 200 жаңа мектеп және 80-нен астам медициналық мекеме салынды. Қоғамдық көліктің үлесі 60% — ға дейін ұлғайтылды. 210 км жаңа жолдар мен 3,6 мың км инженерлік желілер, сондай — ақ 2 750 га жаңа саябақтар мен скверлер салынады», — деді Ерболат Досаев.
2023 жылғы 3 мамырда Үкіметтің қаулысымен Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді. Ол «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» ескере отырып, полицентристік қағидаттарға негізделген.
Qazaq.today