«Бас тарттық»: Ерке Есмахан АҚШ-тағы тыңдармандарынан кешірім сұрады

Фото: instagram.com

Танымал әнші Ерке Есмахан АҚШ-тағы концерті өтпейтінін айтып, тыңдармандарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі визадан мәселе туындағанын айтты.

«Ақпанның басында визаға тапсыруға бардық. Кеше қолыма төлқұжатымды визасымен бірге алдым. Бірақ Америкада болуға берген уақыты екі-ақ күн. Күйеуімдікі де 12-сіне дейін. Біздің концерттің уақытымен де сәйкес келмейді. Егер біз уақытқа қарамай ұша берсек, заң бұзамыз. Виза уақытымен кіріп кетіп, біраз күн жүруге де болады. Бірақ жаңа президенттің қатты бақылауындағы дүние болғандықтан, бас тартып отырмыз. Әрі басқа елдің заңын да сыйлап тұрмыз. Сонымен концертіміз өтпейтін болып жатыр. Көңіл-күй жоқ, үйде отырмын. Билет алған көрерменнен кешірім сұраймыз», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі үшінші рет АҚШ-қа жол түспегенін айтты.

«Бұйырмаған Америка болды. Исламға аяғым ауыр кезінде де визамен кедергілер болып еді. Райм өзі барып келген еді. Осымен үшінші рет жол түспеді. Америкаға ұшу – 20 сағат. Сабырға келіп, қайырлысы деп отырмын», – деп жазды Ерке Есмахан.