«Мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық болды, қастандық жасалды. Бүгін айтқанымдай, негізгі ұйымдастырушылар ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығы – К. Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деп жауап берді Бас прокурор.
«Кәрім Мәсімов бас ұйымдастырушы ма?»,- деп сұрады тілшілер.
«Солай деуге болады», — деп жауап берді Берік Асылов.
Бұған дейін Бас прокурор Кәрім Мәсімов ісі «аса құпия» режимінде тергелгенін айтқан еді. К. Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау; билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер; лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілді.