Эксклюзивті мазмұн:

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Бас прокуратура сайлау қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Президент сайлауы алдында қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабы тәртібіндегі үндеуінде айтылғандай, әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 2022 жылғы 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулары таратылып жатыр.

«Ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес, терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын осындай ұйымдардың кез келген қызметіне тыйым салынғанын атап өтемін.

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (5-баптың 6-тармағы, 14-баптың 1-тармағының 2-тармақшасы, бұдан әрі – Заң) олардың осындай акцияларды ұйымдастыруына жол бермеу бекітілген», – деп атап өтті ведомство өкілі.

Сондай-ақ ол егер акциялар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, басқа да қылмыстық әрекеттер жасауға бағытталған болса, оларды жүргізуге де жол берілмейтінін (Заңның 14-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы) ескертті.

«Бұл бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттарының бірі – олардың зорлық-зомбылықсыз сипаты мен заңдылығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, денсаулықты сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге байланысты (Заңның 3-бабы).

Аталған заңсыз әрекеттерді жасаумен ұштасқан тыйым салынған ұйымдардың шақырулары, ұйымдастыруы және олармен ұйымдастырылған акцияларға қатысқаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 488-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚК-нің 179-бабы (билікті күштеп басып алуға шақыру), 405-бабы (сот тыйым салған ұйымдардың қызметіне қатысу)) көзделген», – деді Жандос Өмірәлиев.

Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын адамдарға заңда көзделген шараларды қабылдайды және кез келген құқықбұзушылықтардың жолын кеседі.

Атап айтқанда, осы жылғы 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратура органдарының ықпалдастығымен жеті адамнан тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

«Олардың билікті күштеп басып алу мақсатында қару-жарақ пен тұтандырғыш қоспаларды пайдалана отырып, жаппай тәртіпсіздіктер мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне шабуылдар жасауды, олардың қызметкерлерін өлтіруді жоспарлауға, сондай-ақ дайындауға қатыстылығы туралы құжаттық дәлелдер алынды.

Сондай-ақ ұсталған адамдардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер де алынды. Қылмыстық кодекстің 179-бабының 2-бөлігі (адамдар тобының билікті күштеп басып алуына жария түрде шақыру) және 272-бабының 1-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деді құзырлы орган өкілі.

Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды сот тыйым салған ұйымдар мен олардың артында тұрған адамдардың арандатуына ермеуді, олардың заңсыз әрекеттеріне қатысудан бас тартуды және заңды мүлтіксіз сақтауды алдын ала ескертеді.

Соңғы

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін және ол...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Асламбек Мерғалиев 1972...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here