Фото: BAQ.KZ
29 шілдеде жазғы Олимпиада аясында екінші жекпе-жекті сәтті өткізген қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Тайбэйден келген Лай Чжуенді қалай жеңгені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Боксшы қарсыластың осал болмағанын, жарысқа кіл мықтылар келетінін атап өтті, деп жазады zakon.kz.
«Ол Азия ойындарында екінші орын алған болатын, өте тәжірбиелі спортшы. Дегенмен, екінші жекпе-жегім болғаннан кейін шаршы алаңда өзімді еркін ұстадым. Бапкерлерімнің берген тапсырмалары мен барлық тактикаларын орындадым, соның арқасында жеңіске жеттім. Барша қазақстандықтар мен отбасыма, жанкүйерлеріме алғыс білдіремін», деді Мұхаммедсабыр Базарбайұлы.
Бірінші жекпе-жекте ол испандық Ойер Ибаречені жеңген болатын. Базарбайұлының ширек финалдық жекпе-жегі 1 тамызда өтеді.
Бұған дейін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) Олимпиада ойындарындағы екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтағаны хабарланған болатын.