«Барлығын бөлісемін»: Жұлдыз Әбдікәрімова үйінінің соты жайлы жаңа дерек айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қазір қиын кезеңде жанынан табылған жанашыр достарына алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Актриса қиын шақта қасынан табылған барлық жақынына instagram парақшасында алғыс білдірді.

«Қаһарлы қыстан кейін жадырап көктем келетіні заңдылық. Дәл осылай менің сотымда да сөзсіз әділдік орнайтынына сенемін. Себебі істі Жоғарғы сот қарап жатыр. Ал тергеу амалдарын прокуратура жіті бақылауына алған. Сот бойынша барлық ақпаратты бөлісіп отырамын. Өмір тоқтамайды. Жұмыс жалғасады», — деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial