Бақытгүл Хаменованың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары ұзақ жылға сотталып кетуі мүмкін. Прокурор Лаура Асанова соттан Бақытгүл Хаменовның мүлкін тәркілей отырып, белгілі бір мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ATPress.kz-ке сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

«Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мерзімді өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде анықталсын. Сондай-ақ, Хаменова «Құрмет» орденінен айырылсын. Хаменованы қамауда ұстау уақытына қарай жаза мерзімі 1,5 күн үшін 1 күн есебінен қамауда ұсталсын. Сотталушыда кәмелетке толмаған баланың болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын», — дейді прокурор Лаура Асанова.

Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке орта қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал пара берді деп күдіктелген Адамовқа орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды.

34