Танымал әнші, «Keshyou» тобының экс-мүшесі Балжан Бидаш Димаш Құдайбергенмен 10 жыл бұрын түскен суретін жариялады.
Әнші осылайша интернеттегі трендті жалғастырды.
Суретте Балжан Бидаш, Димаш Құдайберген, сонымен қатар сол кездегі жас әнші Нұрмұхаммед Жақып.
«Уақыт», — деп суретші Instagram-да қысқаша жазып қойған.
Естеріңізге сала кетейік, Балжан Бидаш жаңа бейнебаянында батыл бейнесімен жанкүйерлерін қуантқан болатын . Әнші жас қыздарға тұрмысқа шығуға асықпауға кеңес берді .