
«Балаларға жөзекшелер мен сутенерлер сабақ берген»- депутат ArtSport бағдарламасы туралы айтты

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев ArtSport бағдарламасы аясында балаларға сабақ берген қызметкерлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап.
«Еліміздің алты өңірінде ArtSport бағдарламасы бойынша притон ұйымдастырғаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеген. Еліміз бойынша осы секілді 20 дерек тіркелді. Бұрынғы жезөкшелер мен сутенерлер қалайша балалармен жұмыс істеген? Мемлекеттік органдар қайда қараған? Осы жайттан кейін балалармен психологтар жұмыс істеді ме? Балаларға оларды бұрынғы қылмыскерлер жаттықтырғанын қалай түсіндіреміз?» – деп атап өтті Н. Сәрсенғалиев.
Депутат сауалына жауап берген Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің аға прокуроры Дулат Әшірбеков еліміз бойынша ұйғарымдармен 38 акт шығарылғанын айтты.
«Мәдениет және спорт министрінің орынбасары өз еркімен жұмыстан шықты. Сонымен қатар аталған фактілер бойынша комитет басшысы жұмыстан босатылды. Өңірлерге келсек, Алматы, Шымкент, БҚО, ШҚО, Қарағанды және Маңғыстау облысы бар. Алматы мен Шымкентте олар қазір жұмыс істемейді, ал басқа өңірлер бойынша нақтылайтын боламыз», – деді Д. Әшірбеков.
Qazaq.today