Байзақтағы жарылыстан жоғалған сержантты іздеу қайта басталды

Байзақтағы жарылыстан жоғалған сержантты іздеу жұмыстары қайта басталды. Қыс түскенге дейін оны 2,5 мыңдай адам іздеген. Алайда арада 8 ай өтседе, Бауыржан Дәуітбаевтан ешқандай хабар жоқ, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі. Қорғаныс министрлігі кіші сержант туралы қандайда бір хабар алғанша іздеу жұмыстары жалғастыра бермек. Осы уақытқа дейін жиырмаға жуық елді мекеннің маңын әскерилер сүзіп шыққан. Артында аяғы ауыр әйелі мен үш баласы қалған 34 жастағы Дәуітбаевты іздеуге екі жарым мыңға жуық адамнан шыққан. Одан өзге 50 техника, тікұшақтар мен ізшіл иттер де жұмылдырылған.

 «Апат орын алғаннан бері Қарулы күштердің әскери қызметшілерімен бірге Жамбыл облысы Полиция департаменті мен Ұлттық ұланның өкілдері жұмылдырылған іздестіру жұмыстарына 2427 адам тартылды. Шайқұрық, Аса, Айша бибі, Байзақ, Луговое, Меркі, Бурный, Бектөбе, Қарасу алабы, Түркісіб, Мақпал, Қайнар, Гродеково және тағы басқа ауылдар мен таулы жерлерде іздестіру жүргізілді. Өкінішке қарай, бұл жұмыстар оң нәтиже берген жоқ. Қыс мезгілі аяқталған соң кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары қайта басталды. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің табылуына бар күшін салуда», – деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылғы 16 қыркүйекте Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу басқармасы кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың іс-түссіз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, 2021 жылыдң 26 тамызында Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қару-жарақ қоймасы жарылып, 17 адам қаза тапты. 1 адам хабар-ошарсыз кеткен. Қаза болғандардың арасында төтенше жағдайлар департаментінің, прокуратура мен әскери қызметшілер бар.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here