Байқоңырға кірмек болған үш еуропалық турист ұсталды

Байқоңыр ғарыш айлағына заңсыз кіруге тырысқан Еуропадан келген үш турист ұсталды. Бұл туралы РИА Новости дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Байқоңыр ғарыш айлағына кірмек болған кезде ұсталған үш еуропалық азаматқа 26-шы гарнизондық әскери сот әкімшілік жаза тағайындады», — деді агенттіктің сұхбатшысы.

Туристерге ғарыш айлағының аумағынан кетуге бұйрық берілді.