Бахтиер Зайнутдинов Түркия чемпионатында ойыннан шеттетілді

Фото: Бахтиер Зайнутдиновтың инстаграм парақшасынан

«Бешикташ» футбол клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов бір ойынға шеттетілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Түркия Суперлигасының 27-турында «Бешикташ» сырт алаңда ойнады. Бахтиер 87-минутта ойынға шығып, 94-минутта қарсыласын қолмен қағып жібергені үшін төрешіден ескерту алды. Бұл оның осы маусымдағы төртінші сары қағазы болды. Нәтижесінде келесі турда болатын «Галатасарайға» қарсы ойынға қатыспайды.

Ойында Бахтиердің командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық ойыншы осы маусымда 23 матчқа қатысып, әзірге гол соққан жоқ.