«Бағаға байланысты сұраныс аз»: Мамандар тұрғын үй нарығындағы өзгерістер жайлы айтты

Сарапшылар жылжымайтын мүліктерді сату нарығында қандай да бір тоқыраудың барын айтып жатыр. Олардың мәліметінше, алдағы жарты жылда жағдайдың қалай болары белгісіз, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

“Қазір баға динамикасы өсу үстінде. Мамыр айында сәл арзанырақ сатып алуға мүмкіндік болса, қазір шаршы метрі шамамен 20 мың теңгеге қымбаттаған. Енді күтудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрақсыз жағдайға байланысты жаңа баспана алуға көбінің батылы бармайды. Мұны риэлторлар да атап өтті. Соңғы екі айда елде сатып алу қабілеті төмендеп, тоқырау байқалуда”,- деді Қостанай қаласының тұрғыны Айжан Жапарова.

Айжан Қостанайдағы пәтерін сатып елдордаға қоныс аударғысы келген. Алайда бағалардағы тұрақсыздықтарға байланысты ойлануда.

“Жылжымайтын мүлік маусымы қыркүйекте басталады. Әдетте жылдан жылға, қыркүйектен желтоқсанға дейін баға үнемі көтеріледі. Бірақ шарықтап тұрған бағаға байланысты сұраныс аз болғандықтан, өткен жылдардағыдай үлкен өсім болмайды деп ойлаймын. Сарапшылар жылжымайтын мүлікке сұраныс болса, бағаның да көтерілетінін айтады. Ал күзде студенттер үлкен қалаларға келгенде баға мүлдем шарықтайды. Сонымен қатар қазақстандықтардың көпшілігінде баспана жоқ. Ол үшін мамандар ипотекалық несиенің мөлшерлемесін өзгертуді ұсынып отыр”, деді “Этажи” компаниясының директоры Максим Ястребов.

 

Мамандар халықтың баспаналы болуына жағдай жасалуы керек екенін, ол үшін тиімді ипотекалардың болуы керек екенін айтты.

“Бізге Қазақстанның барлық азаматтары үшін 3%-дық және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1%-дан 3%-ға дейінгі мөлшерлемемен мемлекеттік ипотека қажет. Сондай-ақ тұрғын үй құнының шегін анықтау қажет. Оған сәйкес ипотека жұмыс істеуі керек. Сонда қолжетімді баспана сатып алуға несие қаражатының мақсатты жұмсалғанын көреміз. Жаңа ғимараттардың бағасы инфляция мен құрылыс материалдарының қымбаттауынан кейін өсіп жатыр. Мысалы, ең қымбат шаршы метрлер ел астанасы, Алматы мен Шымкентте. Еліміз бойынша ең арзан баспана Ақтау, Ақтөбе және Қызылордада. Оның үстіне шілде айында Таразда бағаның күрт ауысуы орын алды. Онда бір шаршы метрдің құны 2 пайызға өскен”,- деді Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов.

Мамандардың айтуынша, жылжымайтын мүлік бағасының арзандауы екіталай. Сондықтан қазақстандықтарға жақсы уақытты күтпей, баспана сатып алуға кеңес берілуде.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here