«Бәрі бір енді кеш»: Дильназ Ахмадиева Салтанат Нүкеноваға арнап ән шығарды

Әнші Дильназ Ахмадиева күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға арнап жаңа ән шығарды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Ән “Кеш” деп аталады.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды. Ән «Кеш» деп аталады. Дильназ Ахмадиева Салтанат Нүкенованың қайғылы жағдайы өзіне қатты әсер еткенін айтты.

“Мен бұл жантүршігерлік трагедия туралы елмен, бүкіл әлеммен бірге білдім. Бірге жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым, дұға еттім. Бірақ менің қолымнан келгені ән жазып, Салтанатқа арнау болды! Айтбек Амангелдіге көп рақмет. Мен сіздің отбасыңыз үшін бұл жағдайдың қаншалықты ауыр екенін елестете алмаймын. Баршаңызға денсаулық, күш-қуат тілеймін! Ән халықтың жүрегіне жетеді деп сенемін!” — деп жазды ол.

Ән мәтінінде төмендегідей жолдар кездеседі:

«Аспаннан жаңбыр болып төгілсең де
Ғарыштан жұлдыз болып көрінсең де
Өкініп жүрегіңді қайта берсең де
Сүймеймін енді қайтып сені мүлде.
Кешірім сұрасаң да енді кеш
Екеуміз деген тек қиял елес
Өтірік өкініштен не пайда?
Бәрі бір енді кеш.»

Дильназ Ахмадиева бұл ән арқылы Салтанат Нүкенованың есімін мәңгі есте сақтап, оның қайғылы оқиғасын халыққа жеткізуге тырысты.