Бақсы-балгерлер мен дүмше молдалар жаппай айыппұл арқалап жатыр

Фото: Caravan.kz

Енді көріпкелдер мен бақсы-балгерлер, оккульттік қызметтердің өзге де түрлерімен айналысатындарға ірі айыппұл салынады. Бұл туралы Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Trt-ға сілтеме жасап.

ІІМ қызметкерлері елде тексеру жүргізіп, 1,5 мыңға жуық балгерді ұстаған. Сонымен қоса, мамыр айынан бастап 5 мыңға жуық «білімсіз молда» да қолға түскен.

Ұсталғандардың барлығы арнайы есепке алынған. Аталған қызметпен айналысқан адамдарға $270 — $340 аралығында айыппұл салынбақ, егер қайталап заң бұзса, бұл сома $680-ға дейін өседі. Елдегі орташа жалақының $70 екенін ескерсек, айыппұлдың мөлшері айтарлықтай көп.

Елде сиқыр мен сәуегейлікпен айналысып жүргендерді алты айға дейін міндетті жұмысқа жегу мәселесі қарастырылып жатыр.