Әнші Меруерт Түсіпбаева мобилографтарын ізінен бір елі қалдырмай ертіп жүретін әріптестерін аямай сынап тастады.
Ол әншілерді сиырға теңеді. Өзінің әріптестеріне ауыр сын айтқан Түсіпбаева, тойға шыққан жалдамалы әріптестерін аямады. Оның сөзінше, тойға тек қонақтар мен әншілерге арнайы дастархан жайылады. Ал олардың бұзауы секілді қалмай жүретін мобилографтарына дастархан жайылмайды.
«Көптен бері осы мәселені көтергім келген…Бұзауын соңынан ерткен сиырдай мобилографты жанынан бір елі қалдырмай , дәретханаға барғанының басқасын түсіріп , желіге салатындарды , өз басым түсінбей өтермін бұл заманнан… Ана жолы бір танымал адамның тойында , ұйымдастырушы ивент қызметкерлері, кәдімгідей тойхана есігінде тұрып алып, мобилографтарды кіргізбей, үстінде сіздерге арнайы стол жайылды деп айтып жатқанын құлағым шалып қалды … Сол дұрыс ! Ондай жағдайға түсінікпен қарау керек! Тойханада әр қонақтың орны белгіленген, төленген .(Тойға мүлдем шақырылмаған адам , сол тойда жүруі ыңғайсыз емес пе) Соған қарамастан , көп әншілердің жанында мобилографтар еріп жүрді , дастархан басында отырды …. Бұл статистика, контент деген бір пәле болды ғой»,- деді ол.