БҚО-дағы аудан әкімдігінде таяқ жеген жігіт 10 күннен бері жансақтауда жатыр

Ашық дереккөзден

БҚО-дағы аудан әкімдігінде таяқ жеген жігіт ауруханының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

“Мой город” мәліметінше, төбелес кезінде қатты жарақат алған жігіт 15 наурызда ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайы әлі ауыр деп бағалап отыр. БҚО мемлекеттік қызмет істері бойынша департаментінің өкілдері әкімдік ғимаратында төбелес шығарғандер мемлекеттік қызметкер емес екенін айтып ақталды. Алайда олардың қай салада жұмыс істейтінін де жасырып қалды.

БҚО-дағы Сырым ауданының әкімдігінде төбелес шыққан. Полиция тергеуді жүргізіп жатыр, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

— Оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрі анықталып, жауап алынды. Тергеу бақылауда, —  деп хабарлады полицейлер.

Полиция мәліметінше, 44 жастағы жігіт ауыр жарақат алған.